Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақпарат құралдары ҰБТ тапсыру үшін "қызға айналған" жігіттің аты-жөнін анықтады

04 Маусым 2015, 08:40
7
© Әлеуметтік желі
© Әлеуметтік желі

Дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болып "қызға айналған" жігіт Ақтөбе облысының тумасы болып шықты. Қазір ол жауапқа тартылып жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, 20 жастағы Аян Жәрдемов Мәртөк ауданында дүниеге келген. Ол Ақтөбедегі "Дарын" мектебін бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған. Қазір жігіт Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің үшінші курсында тегін бөлімде оқып жатыр.

Аянның туыстары болған оқиға туралы білмейді. Соңғы рет олар 3-4 күн бұрын телефон арқылы сөйлескен. Туысының айтуынша, жас жігіт түстен бері телефонын көтермейді.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.

Жігіт тестілеуге кірер жерде ұсталды. Ұлттық тестілеу орталығы бұл жағдайды растады.

Енді жігіт 400 мың көлемінде айыппұл төлеуі немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы, алты күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай