АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ia-centr.ru © ia-centr.ru

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шенон басқарған АҚШ делегациясы келді. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шенон басқарған АҚШ делегациясы келді. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

"Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім, демек бұл біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон", - Томас Альфред Шенон.

АҚШ Мемлекеттік хатшы орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ қарым-қатынас арасындағы маңызды элемент ретінде қарастырылуда. Қазақстан үшін бұл жаһандық, оның ішінде энергетика облысындағы ойыншы ретінде көрсететін үлкен мүмкіндік.

Өз кезегінде, Ахметжан Есімов АҚШ Көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті. "Биылдың өзінде мен 2 мәрте АҚШ болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл жаңа технология мен заманауи ғылыми жасампаздарды дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет", - деді ұлттық компания Басқарма төрағасы.

Кездесу соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша процедуралық мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтіліп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro