“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ Қожамжаровтың компаниясымен сөз байласқан - БҚДА

ПОДЕЛИТЬСЯ

“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ Қожамжаровтың компаниясымен сөз байласқан - БҚДА Фото: БҚДА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі HILL Corporation ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Тергеп-тексеру барысында "ҚТЖ-ЖТ" локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыдан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады", - делінген хабарламада.

БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын. Алайда, 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы Сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың "HILL Corporation" ЖШС мен "КТЖ-Жүк тасымалдау" ЖШС қатысты агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді.

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асқан.

Forbes мәліметінше, Hill Corporation ЖШС иесі - бұрынғы сенатор және бас прокурор болған Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +18
Атырау +25
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер