17 ақпан 2015 | 17:47

АҚШ елшілігі Жеңістің 70 жылдығына орай шаралар науқанын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©myfoto.kz ©myfoto.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде мәдени шаралар науқанын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде мәдени шаралар науқанын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңістің 70 жылдығына арналған бағдарламалар сериясы "Ортақ Жеңіс" деп аталады. "АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы Екінші дүниежүзілік соғыс дәуірін және сол дәуірдегі қазақстандықтар мен америкалықтардың құрбандығы мен күресі арқасында Жеңіске жеткені үшін оларға құрмет көрсетуге бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, болашақ ұрпақ ата-бабаларымыздың Жеңіске қандай құрбандық арқылы жеткендігін ұмытпасын және құрметтесін деп, ардагерлердің естеліктерін жазып сақтаумен, оны тіркеумен айналысатын жергілікті ұйымдарға қолдау көрсетпек", - делінген хабарламада.

"Ортақ Жеңіс" науқаны шеңберінде АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Американың ұлттық мұрағаттарынан алынған, бұрын жұртшылықтың назарына ұсынылмаған үлкен фотокөрме ұйымдастырады. "Көрмедегі фотосуреттер “алғы саптағы” шайқасты, майдан алаңындағы әйелдер ерлігін, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының тылдағы өмірін, сондай-ақ Құрама Штаттарының Кеңес Үкіметінің Одақтас Күштерімен, сонымен қатар Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасымен өзара қарым-қатынасын суреттейді. Көрме Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының қаһармандарын көрсетіп, бұрын айтылмаған әңгімелер мен Одақтас Күштердің қазір құпиясыздандырылған карта бойынша жабдықтарды Қазақ КСР арқылы Кеңес Одағына және Қытайға тасымалдау бағытын сиппатайтын фотосуреттерді ұсынады", - делінген хабарламада. Фотокөрме мамыр айының басында Алматы мен Астанада ашылады, содан кейін Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасады.

Америкалықтардың Жеңістің 70 жылдығына арнайы ұйымдастыратын тағы бір шарасы "Шынайы өмір әңгімелері" деп аталады. Ақпан айында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің кеңесі Skype арқылы АҚШ ұйымына жататын “Шетел соғыс ардагерлерінің” өкілдерімен кездеседі. Бұл кездесудің мақсаты - халықаралық үздік тәжірибелерді талқылау және бүкіл әлем бойынша ардагерлердің естеліктерін насихаттау. Наурыз және сәуір айларында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің кеңесі мен Ағылшын тілінің микростипендиясы бағдарламасы ардагерлердің естеліктері мен тәжірибесін құжаттандырып сақтау мақсатында студенттерден тұратын еріктілердің жұмысын ұйымдастырады. 

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер сериясы да - осы науқан аясындағы шаралардың бірі. Америкалықтар жергілікті кинотеатрлармен бірлесе отырып, соғыс кезеңіндегі өмірді сипаттайтын фильмдерді ұсынады. Шара сәуір айында өтеді, фильмдерді тамашалау тегін болады. "Ортақ Жеңіс" науқаны барысында Одақтас күштер жауынгерлерінің ерлігі туралы деректі фильмдер де көрсетіледі. 

АҚШ елшілігі 1940 жылғы джаз ансамблі туралы арнайы шара өткізеді. 20-28 сәуірде Ari Roland квартеті Қазақстанға осы шараға әдейі шақырылып отыр. Квартет майдангерлер мен жалпы жұртшылық назарына соғыс жылдары әлемге танымал болған композицияларды ұсынады. 

Бұған қоса, мерейтойға арналған шаралар топтамасы шеңберінде мамыр айында Астана мен Алматыда әйгілі тарихшы, доктор Тимоти Нафталидің дәрісі өтеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда "Ортақ Жеңіс" аясындағы іс-шаралар туралы ақпараттар мен көрнекі материалдар жарияланатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети