01 маусым 2016 11:39

АҚШ елшілігінің өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

АҚШ елшілігінің өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 31 мамырда 20-ға жуық адам Қазақстан Президентін қолдап, шеру ұйымдастырған болатын.


АҚШ елшілігінің өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 31 мамырда 20-ға жуық адам Қазақстан Президентін қолдап, шеру ұйымдастырған болатын.

Олар қолдарына плакаттар ұстап, 21 мамырда АҚШ-та эиникалық қазақтардың қазақстандық биліктің саясатын сынап, митинг ұйымдастырғанына қарсы наразылық білдірді. 

Америкалық дипломаттар Алматыдағы бас консулдықтың 31 мамырда акцияға қатысушыларға қатысты ешқандай да шара қолданбағанын хабарлады.

"АҚШ үкіметі мен АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының Құрама Штаттардағы Қазақстанмен байланысты қандай да бір наразылықтарға ешқандай қатысы жоқ. АҚШ елшісі Джордж Кролдың айтуынша, наразылық білдірушілерді АҚШ үкіметі қаржыландырған деген қауесеттердің жалған екенін айтты. АҚШ үкіметі қандай да бір наразылықтарды қаржыландырмайды, бірақ Құрама Штаттарындағы және әлем елдеріндегі сөз бостандығы құқығын қолдайды", - делінген елшіліктің хабарында.

Сонымен қатар, наразылық акцияларына қатысты Алматы қалалық ІІД өкілдері түсінік берді. Департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, "митингке қарсы митингке" қатысушылардың ешқайсысы ұсталмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети