АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Висконсин штатында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан қазақстандық студенттің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Yk-News.kz порталы. 16 жастағы студент Тим Бекшентаев 4 ақпан күні жол апатына ұшыраған болатын.

Бекшентаевтар отбасы Америка елшісінің атынан хат алды. "Тим FLEX бағдарламасының идеал студенті - терең ойлы, әлемді тануға құштар жас жігіт, жас екеніне қарамастан, қоғамға зор үлес қосып үлгерген қазақстандық болды", - делінген хатта.
Марқұмның әкесі Жаныбек Бекшентаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы кешкі мезгілде, жігіттер автокөлікпен хоккей жаттығуынан қайтып келе жатқанда болды. Рульде Тимнің жолдастарының бірі - 17 жастағы жігіт отырған. Көше бұрылысында машина тайып, жолдан ұшып кетеді де, аударылып, ағашқа соғылады. Оқиға салдарынан Бекшентаев қана қаза тапты, қалғандары түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Шығыс Қазақстан облысының түлегі 2014 жылы өңірден жалғыз болып, FLEX студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа жолдама ұтып алды. Ол ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Өткен жылдың тамыз айында жігіт Висконсин штатының Фредерик қаласындағы өзін қабылдаған отбасыға аттанған.