05 ақпан 2015 14:23

АҚШ-та Қазақстан студенті қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тим Бекшентаев. ©Vk.com Тим Бекшентаев. ©Vk.com

АҚШ-та қазақстандық студент қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. 


АҚШ-та қазақстандық студент қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. 

16 жастағы Тим Бекшентаев 4 ақпанда Висконсин штатында болған жол-көлік апатынан қаза тапты. "Алдын ала мәліметке қарағанда, қазақстандық студент Бекшентаев болған автокөлік көше бұрылысында тайғанап кетіп, бірнеше мәрте төңкерілгеннен кейін ағашқа соғылды", - деді ҚР СІМ өкілдері.

Сыртқы істер министрлігіне қаза болған студенттің туыстары оның денесін отанына қайтару туралы көмек сұрап, хабарласқан. "ҚР СІМ бұл мәселеде қолынан келгенінше көмек көрсетеді. Республиканың Нью-Йорктегі Бас консулдығының өкілдері жол апатының барлық жағдаяттарын анықтап, қаза тапқан адамның денесін Қазақстанға әкелу жөніндегі сәйкес құжаттарды дайындап жатыр", - деді ведомство өкілдері. Сыртқы істер министрлігі қаза болған Тим Бекшентаевтың отбасына көңіл айтты. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың жазында АҚШ-та тағы бір қазақстандық студентті көлік қағып кеткен болатын. Оқиға 30 шілде күні кешкі уақытта Бостаннан 120 шақырым жердегі Кейп-Код түбегінде болды. 21 жастағы Елнұр Самархан кешкі уақытта велосипедпен кетіп бара жатқан. Осы кезде жолға шыға келген автокөліктің жүргізушісі велосипедшіні байқамай, соғып кеткен. Қазақстандық студенттің басы автомобильдің маңдай терезесіне соғылды. Ауруханаға жеткізілген ол көп ұзамай қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети