18 қазан 2021 18:24

АҚШ Қазақстанға коронавируспен күреске 2,4 миллион доллар бөледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Америка Құрама Штаттары халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19-ға қарсы 2,4 миллион доллар көлемінде көмек береді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің сайтындағы хабарламада айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америка Құрама Штаттары халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19-ға қарсы 2,4 миллион доллар көлемінде көмек береді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің сайтындағы хабарламада айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл көмек нақты деректерге негізделген вакцинаны бөлу жөнінде шешім қабылдауға; вакциналар туралы дезинформациямен күресуде жергілікті әлеуетті нығайтуға; COVID-19 гендерін секвенирлеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді нығайтуға; Қазақстанда вакциналардың дайындығы мен жеткізілім деңгейін арттыруға ықпал етеді", - деп мәлімдеді елшілікте.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанға COVID-19-ға байланысты 6,8 миллион доллар көлемінде  қосымша көмек бөлінді.

Бүгінгі таңда USAID 5000-нан астам медицина қызметкерлеріне COVID-19-ға қатысты тақырыптар, соның ішінде инфекциялардың алдын алу және олармен күресу, сонымен қатар, биоқауіпсіздік принциптері бойынша білім берді.

"АҚШ COVID-19 пандемиясын тоқтату, оның әлеуметтік және экономикалық салдарын жеңілдету және болашақта індетке жақсы дайын болатын әлемді қалпына келтіру үшін Қазақстанмен серіктестік орнатуға дайын.

Биыл АҚШ миссиясы Қазақстанмен әріптестіктің 30 жылдығын атап өтеді. 20 жылдан астам уақытта Америка Құрама Штаттары Қазақстанға 2 миллиард доллар инвестициялады, оның ішінде туберкулез бен АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлді", - деп толықтырды елшілік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети