23 шілде 2020 15:38

АҚШ пен Канададағы карантиннің айырмашылығы фотодан көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ниагара сарқырамасында түсірілген фотодан АҚШ пен Канададағы карантиннің айырмашылығын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Ниагара сарқырамасында түсірілген фотодан АҚШ пен Канададағы карантиннің айырмашылығын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Алайда Канада вирустың кең таралмауы үшін шектеу шараларын енгізілген. Яғни мұндағы тұрғындар арақашықты сақтауға, маска тағуға міндетті. Бұл вируспен күресте септігін тигізген.

Қос елдің шекарасындағы Ниагара сарқырамасында канадалық кемелер тек 6 жолаушыны ғана отырғыза алады. Жалпы кеменің 700 жолаушыны қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал фотодан америкалық кемедегі жолаушылардың саны айтарлықтай көп екенін байқауға болады. Туристік операторлардың мәліметінше, америкалық кемелер 50 пайызға дейін жолаушы отырғызған.

"Біз америкалық кемені фотоға түсіріп үлгердік. Менің ойымша, мұнша көп адамның арасында болу қауіпсіз емес. Осында болған өте жақсы", - дейді канадалық туристің бірі.

Бүгін АҚШ-та коронавирус жұқтырудың 52 276 жаңа дерегі тіркелді, Канадада бұл көрсеткіш - 786. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети