АҚШ-та өткен кинофестивальде "Бауыр" фильмі марапатталды

02 Мамыр 2014, 11:33
0
АҚШ-та өткен кинофестивальде "Бауыр" фильмі марапатталды - Фильмнің режиссері Серік Апрымов
Фильмнің режиссері Серік Апрымов

АҚШ-тың Нэшвилле қаласында 17-26 сәуір аралығында өткен халықаралық 45-ші "Үздік фильм"кинофестивалінде Серік Апрымовтың "Бауыр" фильмі "Ерекше есте қалған туынды" наградасын жеңіп алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. 

Жарыс қорытындысы бойынша, мексикалық режиссер Фернандо Эймбкенің "Құлпынай сэндвич" картинасы "үздік фильм" деп танылды. АҚШ-тың ең тарихи кинофестивалдерінің бірі саналатын Нэшвилле қаласында өткен бұл халықаралық конкурс алғаш рет 1969 жылы өткізілгенін айта кету керек. Жыл сайын бұл сайыста 40 мемлекеттің 200-ге жуық туындысы бақ сынайды.   

"Бауыр" фильмі әлемдік премьерасын 70-ші Венециялық кинофестивалінде өткізді. Венециялық кинофестивалден кейін дереу ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысып, екі бірдей, яғни үздік режиссерлігі үшін және НЕТПАК сыйлығын жеңіп алған-ды.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай