09 тамыз 2018 10:26

АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш азаматшаның соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық азаматшаларға қатысты бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілдеріне сілтеме жасап.


АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық азаматшаларға қатысты бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілдеріне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 8 тамызда осы іс бойынша бірінші сот тыңдалымы өтті. Біздің отандастарымызға ақша жымқырумен айналысқан қылмыскерлерге қатысы бар деген айып тағылды", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Келесі сот отырысы 2018 жылдың қазанына белгіленді.

Еске сала кетейік, осыған дейін үш қазақстандық пен тағы 22 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын.

Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылады.

Кейінірек ҚР СІМ өкілдері осы істің мән-жайын айтып берген болатын. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығының өкілдері АҚШ-та ұсталған азаматшалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, ол ұсталған азаматшалардың 1994, 1991 және 1970 жылғы екенін айтып өткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети