24 ақпан 2014 17:36

АҚШ-та зорланған қазақстандық қыз қамқоршысының қолында

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Rewalls.com ©Rewalls.com

Америкада өгей әкесі зорлаған қазақстандық жетім қыз қазір қамқоршының қолында тәрбиеленіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің төрайымы Раиса Шерге сілтеме жасап. "Бұл балалар туралы ақпарат біздің дипломатиялық қызметтерімізден келіп түсіп отыр. Балалар АҚШ-та қалуды ұйғарған. Қыз бала қамқоршы отбасыға бекітілді, ал ұл бала өз бетімен өмір сүреді, ол 21 жаста", - деді Шер брифинг барысында. Оның айтуынша, Американың әлеуметтік қызметтері бұл жастардың тағдырын бақылауға алған. Еске сала кетейік, америкалық ерлі-зайыпты Қазақстаннан асырап алған балаларын зорлағаны үшін айыпты деп танылған еді. 21 жастағы жігіттен алынған жауапқа қарағанда, бұл 13 жаста болғанда "шешесі" Линда Мэйотт онымен ең алғаш жыныстық қатынасқа барған. Содан кейін екеуінің арасында екі жыл бойы төсек қатынасы болып тұрған. Әйел жасөспірімнен бала көтеріп те қойыпты. ДНК талдауы баланың әкесі асыранды ұл екенін растады. Сотта әйел өзін қазақстандық жасөспірімнің зорлағанын айтып, кінәні жігітке артпақ болды. Линда Мэйоттың күйеуі Джозеф болса, асырап алған қызын азғындық жолға түсірген. Қыздың жауабына қарағанда, "әкесі" оны 8 жасында алғаш рет зорлаған. Ер адам түрлі елестер жайлы айтып қорқытып, қызды жалғыз ұйықтай алмайтын деңгейге жеткізеді. Кейін қыз барлық жайды құрбыларына әңгімелеп берген. Сыбыс полицияға жетіп, қылмыстық іс қозғалады. Бірақ ағасының өзінен теріс айналарынан қауіптенген қыз бала айыптауларынан бас тартады. Комитет басшысы америкалық ранчолардың бірінде жұмбақ жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалар туралы да түсінік берді. "Мен ол балалардың бірімен кездестім. Олар бүгінде естияр, жастары 16-да. Қазір бұл балалар ата-аналарымен бірге өз үйлерінде тұрып жатыр, психолог, психиатр мамандарға барып тұрады. Ұл балалардың бірі колледжге түсуге дайындалып жүр, музыка жазады, бірақ кейде психикалық ауытқулары болып тұрады екен", - деді Шер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети