27 қыркүйек 2022 14:36

"Ақша бақыт әкелмейді". Қостанай тұрғыны ресейліктерді өз үйінде паналатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Максим Глазков. Максим Глазков.

Қостанай тұрғыны екі ресейлікті үйіне орналастырып, құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай тұрғыны екі ресейлікті үйіне орналастырып, құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық Максим Глазков қиын жағдайға тап болған ресейліктерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Ол Ресейден қоныс аударушылар ағыны басталған кездің бірінші күні-ақ, әлеуметтік желілерде көрші елден келген екі ер адамға баспана беруге дайын екенін жариялады. Себебі қонақүйлерде орын жоқ, ал жалға берілетін тұрғын үй бағасы шарықтап кеткен.

"Біреудің қайғысына ақша табуды көздеген адамдар мені таңғалдырады. Сонымен қатар, мұндай ақша ешқашан бақыт әкелмейді және іс бастауға да жетпейді. Көмек көрсеткенім үшін ақы сұрамадым, жігіттер келді, қажет болғанша тұрыңдар, бір дастарқаннан тамақтанамыз, жайлы тұру үшін барлық жағдайлар жасалған. Жылдар бойы жинағанның бәрін тастап, бірер минут ішінде шешім қабылдаудың қандай стреске әкелетінін түсінемін", - дейді Максим Глазков.

Келесі күні Максим тек қонақтарына өз мекенжайы бойынша тіркелуге ғана емес, тағы екі келушіге де көмектесті. Қостанайда тұрақтаған ер адамдар оған өте риза. Сонымен қатар, мұнда оларды қалай күтіп алғанына таңғалды.

"Әрине, мазасыз ойлар болды, бірақ бізді өте жылы қабылдады. Біз қаланы аралап жүргенде бізге төрт рет көмек ұсынылды, тіпті пастор да көліктен шығып, түнеуге болатын мекенжай берді. Содан кейін біз түскі ас ішетін кафеге бардық, сонда бізге Максимнің нөмірін берді. Оның арқасында біз тіркелдік, карта мен баспана алдық", - дейді Екатеринбургтен келген маркетолог Александр.

Қостанайлық ресейліктерге олар қанша қажет болса, онымен бірге өмір сүре алатындығын айтты. Олардың бірі Қазақстанда қалғысы келеді, алайда қай қалада тұратынын әзір шешпеген, екіншісі осында транзитпен өтеді.

"Мұнда адамдар өте мейірімді және қамқор, мен таңғалдым. Әрине, Ресейде бұл қиын. Тюменьде менің әйелім қалды, Мен осында боламын, кейін Кипрге барамын", - деп Алексей болашақ жоспарларымен бөлісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети