"Ақша далаға кетті". Ақтау тұрғыны саммиттен кейінгі қаланы сипаттап берді

20 Тамыз, 09:31
0
© lada.kz
© lada.kz

Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінің алдында отырғызылған жас көшеттер беделді қонақтар кеткеннен кейін қараусыз қалды. Бұл туралы жергілікті "Лада" интернет-газетіне оқырман хабарлады. 

"Ағаштар солып жатыр, ешкім суғармайды. Топырақ мүлде дымқыл емес. Осылайша барлық ағаш солып, ешкімге керек емес болып қалды...", - дейді қолданушы видеода. 

Видеоға жазылған пікірлерде қолданушылар өсімдікке жасалған осындай көзқарасқа шағымданған:

"Ақша далаға кетті. Ал бұл біздің ақша екен ғой"

"Қала бойынша осындай жағдай, ағаштар солып жатыр, жаз бойы ешкім үй маңындағы ағаштарды суғармады. Өзіміздің аудандық пәтер иелерінің кооперативіне хабарласып едік, олар бұған жауап бермейтіндерін айтты. Жақын арада бәрібір отырғызылған ағаштар солып қалады. Суғару үшін су таситындар жеке меншік секторға суды сатады, оны аула тазалаушылар айтты".

"Қалай қалада тұрып барлығына немқұрайлы қарауға болады?"

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай