26 қазан 2016 | 20:23

Ақши ауылында әжетханадан табылған сәби бірқалыпты дамып жатыр - дәрігерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің денсаулығы жақсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шелек ауылындағы Балалар үйінің бас дәрігері Алтынкүл Бөкеева айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің денсаулығы жақсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шелек ауылындағы Балалар үйінің бас дәрігері Алтынкүл Бөкеева айтты.

Оның айтуынша, сәби төрт айға келіп қалды. "Сәби қасында жүрген тәрбиешлерді таниды, күліп қояды. Негізі, сәби қалыпты жақсы дамып жатыр. Невропотолог дәрігер жазып берген емді қабылдап жатыр. Бассүйек ішіндегі қысымды төмендету үшін де ем алып жатыр. Біз жағдайы нашарлайтын шығар деп ойладық, бірақ сәби жақсы дамып жатыр. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы", -деді дәрігер.

Сонымен қатар, бас дәрігер сәбидің әжесі мен атасының балалар үйіне екі рет келіп кеткенін айтты. Олар нәрестені өзімен бірге алып кетпекші, алайда оларға сәбиді асырап алу үшін құжаттарды дайындауға рұқсат берілген жоқ. Дәрігер сәбиді ешкімге де көрсетпегенін айтты. Заңға сәйкес, егер де сәбидің туыстары оны асырап алғысы келсе, мекеме қызметкерлері нәрестені басқа біреулерге көрсетуге құқы жоқ.

"Сәбидің әжесі мен атасына сот отырысы өтпейінше, оларға құжаттары рәсімделмейтіні айтылыпты. Бірақ мен мұндай заңның бар екенін де білмедім. Мен оларға осы жайлы біліп келулерін айттым.  Әрине, сәбиді әжесі мен атасы алса, дұрыс болар еді. Бірақ мен сәбиді оларға да көрсеткен жоқпын. Менің құқым жоқ", - деді дәрігер.

Сондай-ақ, бас дәрігер егер де сәбидің туыстары оны асырап алудан бас тартса, нәресте базаға енгізіледі. Оның айтуынша, қазіргі уақытта "0 мен 3 жас" аралығындағы сәбилерді асырап алуға шамамен 150 өтініш келіп түскен. Айта кетейік, осы іске қатысты сот отырысы 26 қазанда басталды. Отырыс Іле ауданында өтіп жатыр, ал судья -Жәмиля Арыстанова.

Еске салайық, есімін Қарлығаш деп қойған нәресте Алматы облысы Ақши ауылындағы әжетханадан 5 шілдеде табылған болатын. Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7.00-де табылған. Кейіннен нәрестенің анасы ұсталған еді. Анасы 1992 жылғы қыз болып шықты. "Ол Қарасай ауданында тіркелген. Ол босанған үйге қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері - оның туыстары. 2 жыл бұрын осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұл анықталады. Тергеу жүріп жатыр", - деген еді облыстық ІІД өкілдері.

Кейінірек сәбиді туыстарына беруге тыйым салынғаны айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети