25 тамыз 2021 | 13:35

"Ақталып тұрған жоқпын". Әкім журналисті ғимараттан шығарып жібергендерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz Тengrinews.kz

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков "Хабар 24" журналисін ғимараттан күштеп шығарып жіберу оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков "Хабар 24" журналисін ғимараттан күштеп шығарып жіберу оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алатау ауданы әкімі бұл оқиға кезінде ғимаратта болмағанын айтты. Ол бұл уақытта "Шексіз қала" бағдарламасы аясында қаланы аралауға шыққан екен. Ол ғимаратқа турникеттің астынан өткен журналиске күзетші күш қолданып, шығарып жібергеніне қатысты пікір білдірді. 

"Толығымен мән-жайды сіздерге қосымша хабарлаймыз. Бүгін комиссия құрдық, оны менің орынбасарым Бектас Сәбитов толық жүргізеді. Оның нәтижесі бойынша тиісті шара қолданылады. Басымды ала қашып, біреуді қорғап тұрған жоқпын. Тек күзетші емес, осыған жауапты мемлекеттік қызметкерлер де өз әрекетіне жауапты болады", - деді Азамат Қалдыбеков. 

Алатау ауданы әкімінің айтуынша, ол тілшіге қатысты жағдайды бұған дейін білмеген. Тілшілердің "орынбасарларыңыз жеткізді ме осындай жағдай болғанын" деген сұрағанына әкім жағдайды кеш естігенін айтты. Сондай-ақ, ол күзет қызметкеріне тілшіні кіргізбеу туралы тапсырма түспегенін айтты.

"Күзет компаниясы - жекеменшік компания. Олар арзан баға ұсынып, тендерді жеңіп алды. "Арлан" ЖСШ деген мекеме. Наурыздан бастап қызметіне кірісіп жатыр. Бірақ менің атымнан, болмаса басқаның атынан кіргізбеу туралы тапсырма түспеген", - деді әкім.

Сондай-ақ, әкім Tengrinews.kz тілшісінің журналист әкімдікке бірнеше күн келіп кіре алмағыны туралы сұрағына "тілші бір күн келгенін, оның алдында Наурызбай ауданы әкімдігіндегі жағдай болуы мүмкін екенін" айтты. Аудан әкімі жағдай анықталып, тексеріс аяқталған соң журналистен кешірім сұраудан бас тартпайтынын жеткізді.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети