06 желтоқсан 2022 08:42

Ақтауда 11 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мамбековті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мамбековті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқушы жексенбі, 4 желтоқсанда жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 16:35-те "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Белгілері: орта денелі, бойы - 150-155 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде меңі бар. Қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара шалбар киген.

Жоғалған бала туралы мәлімет білетіндер +7(700) 499-72-92, +7(700) 729-20-12 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуларын сұраймыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети