28 тамыз 2022 16:31

Ақтауда ер адам теңізге батып кете жаздаған қыздарды құтқарып қалды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

lada.kz lada.kz

Ақтауда ер адам теңізге батып кете жаздаған қыздарды құтқарып қалды. Оқиға "Золотое солнышко" демалыс базасының аумағында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда ер адам теңізге батып кете жаздаған қыздарды құтқарып қалды. Оқиға "Золотое солнышко" демалыс базасының аумағында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің бірі Ажар Айболатқызының айтуынша, оқиға 21 тамызда кешке болған. Ересектер мен балалар "Золотое солнышко"демалыс базасында демалған. Балалар суда жүргенде, ересектер кәуап жасаған.

12 және 13 жастағы екі қыз жағалаудың шетінде сапбордқа мінген. Ештеңе қиындық тудырмады. Кенет жел соғып, оларды теңізге әкеткен. Қыздардың бірінің анасы жүзе алмайтындықтан, жағалаудағы адамдардан көмек сұраған.

"Оқиға орнынан алыс болмасақ та, біз ештеңені түсінбедік те, естімедік. Не болғанын түсінгенше, қыздар сапбордпен алысқа кетіп қалған, жел оларды одан әрі теңізге айдаған. Сол кезде бір адам сапбордқа қарай жүзіп бара жатты. Оның балалардың артынан қандай жылдамдықпен ілескенін анық байқадық. Ол балаларға жетіп, оларме бірге жағаға қарай жүзді. Бәрі санаулы минутта болды. Қатты қорқып кеткен қыздарды әріптесім, қыздардың анасы, жағадан күтіп алды. Ал біздің құтқарушымызды көзден таса қылып алдық", - деп Ажар Айболатқызы болған жайды баяндап берді.

Оқиға басқаша аяқталуы мүмкін еді.

"Қыздар қорыққаннан суға секіріп кетсе не болар еді?! Мен мұны елестете алмаймын. Осыдан кейін біз құтқарушының аты Александр екенін білдік, ал ол өзін батыр деп санамайды. Ол мұндай жағдайда кез келген адам дәл солай істер еді дейді. Александр сыйақыдан бас тартты. Кейінгі кезде бұл жағдай туралы көп ойлаймын, ол сыйақыны алуы керек еді, себебі ол сол сәтте ойланбастан, өмірін қатерге тігіп, көмекке ұмтылды. Қыздарда енді тағы бір қамқоршы періште бар. Өтінемін, балаларға жүзуді үйретіңіз, жалқау болмаңыз. Бұл өте пайдалы, өйткені біз өмір бойы оларды қорғай алмаймыз", - деді қыз.

Құтқарылған қыздардың ата-аналары ер адам сыйақыдан үзілді-кесілді бас тартқанын айтады. Олар оның ерлігі туралы бүкіл ел білуі керек деп санайды.

"Өте қорқынышты болды. Қыздар алысқа кетті, ешкім олардың артынан жүзуге батылы жетпеді. Олар қатты қорықты. Бір қызығы, жел күрт көтеріліп, тез тынышталды. Ештеңе болмаған сияқты. Біз тіпті ауа райы да қауіп төндіреді деп ойлай алмадық", - дейді Ажар Айболатқызы.

Ажар бұл туралы Facebook-парақшасында жазып, ТЖД парақшасын белгілеп кеткен. Осыдан кейін олар істің мән-жайын анықтау үшін онымен байланысып, Александрды марапатқа ұсынатындарын хабарлады және қызға оқиғаны жариялағаны үшін алғыс айтты.

Бұл қыздың әлеуметтік желілерде тапқан Александрдың жалғыз суреті.

Lada.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети