Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтауда ер адамның мысықтың басына секірген сәті видеоға түсіп қалған 05 қазан 2022, 14:09

Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғынының мысыққа қатыгездік жасаған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғынының мысыққа қатыгездік жасаған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде ер адамның жүгіріп келіп, мысықтың басына секірген видеосы пайда болды. Осыдан кейін жануар аяғынан тұра алмай қалғаны көрінеді. Оқиға 2022 жылдың 4 қазанында сағат 22:00 шамасында 6-шағынауданда, 26-үй маңында болған. Ақтаудағы жануарларды қорғаушылар ер адамды "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Олардың айтуынша, мысықтың жағдайы ауыр, ол басынан жарақат алған.

Назар аударыңыз, видеоны жүкті әйелдерге және балаларға қарау ұсынылмайды.

Tengrinews.kz редакциясы Маңғыстау облысының Полиция департаментіне пікір алуға жүгінді. Айта кетейік, "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram