13 мамыр 2015 14:03

Ақтауда газ қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтауда жүргізушілер қалада газ бағасының көтерілуіне байланысты шағым түсірді, - деп хабарлайды "Лада". Басылымның мәліметінше, Ақтаудағы көпшілік жанар-жағармай май бекеттерінде газ 13 теңгеге қымбаттаған. Жанармайдың литрі 40 теңгеге сатылып жатыр.


Ақтауда жүргізушілер қалада газ бағасының көтерілуіне байланысты шағым түсірді, - деп хабарлайды "Лада". Басылымның мәліметінше, Ақтаудағы көпшілік жанар-жағармай май бекеттерінде газ 13 теңгеге қымбаттаған. Жанармайдың литрі 40 теңгеге сатылып жатыр.

"Бір апта бұрын газ қымбаттады, бастапқыда 27 теңгеден 30-ға, қазір 40 теңгеден сатып жатыр. "ҚазМұнайГаз" бекеттер желісінде газ тіпті де жоқ, олардың бәрі жабылып қалды. Осыған байланысты газ қымбаттады ма? Үкімет қайда қарап отыр, неліктен мұндай іркілістер болып жатыр? Мұндай бейберекетсіздік қашан тоқтайды?", - дейді жүргізушілер.

Ал жанармай құю бекеттерінің иелері газдың не себепті қымбаттағанын айтпай отыр. Бірақ қалада газ бағасын қымбаттатпаған бекеттер жұмыс істеп тұр. Алайда сатып алушылардың көптігінен кезек созылып жатыр. Жол полициясының мәліметінше, Маңғыстау облысында автомобильдердің жартысынан көбі газбен жүреді. 

Еске салайық, 2015 жылдың наурыз айында Астанадағы кәсіпорындар республикадағы ішкі нарықта газдың бағасы арзандағаннан кейін оны арзандатқан болатын. Сол уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті елордадағы газбен қамтамасыз етуші ұйымдарға сараптама өткізді. Оның нәтижесінде газ 41 пайызға арзандаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети