Rixos Water World Aktau қонақүй иесіне карантин кезінде "Ирина Кайратовна" тобының концертін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Лада".
Rixos Water World Aktau қонақүй иесіне карантин кезінде "Ирина Кайратовна" тобының концертін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантин талаптарын бұзғаны үшін қонақ үй иесіне 800 АЕК (2,3 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.
"Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама толтырып, түсініктеме алды. Өйткені қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп жиналды", - деді қала әкімдігі.
Айта кетейік, "Ирина Кайратовна" тобының концерті 10 сәуірде Rixos Ақтау қонақ үйінде өткен. Концертте түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әртістердің бұған дейін карантин талаптарын сақтап, үйде отыруды ұсынған бірнеше әнін еске салып, оларды сынға алды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймақта орналасқан.
Rixos Water World Aktau қонақ үйінің Instagram-парақшасында тағы бірнеше қойылым жоспарланғаны жазылған: 17 сәуірде - КТК, ал мамырда танымал әртістер қатысатын төрт концерт.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!