Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың жанұяларына осы аптада 1,5 миллион теңгеден өтемақы беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаеваға сілтеме жасап.
Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың жанұяларына осы аптада 1,5 миллион теңгеден өтемақы беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаеваға сілтеме жасап.
"Заң бойынша әскери қызметшілердің жанұяларына бір реттік өтемақы берілуі керек, ол екі айдың ішінде төленуі тиіс. Алайда қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша, бұл төлем осы аптада берілетін болды. Оның үстіне, материалдық жәрдем ретінде отбасылар миллион теңгеден алды, сонымен қатар азық-түлік қабын алды", - деді Колбачаева.
Ол бір реттік өтемақының мөлшерін атады. Әрбір қаза тапқан сарбаздың отбасыларына 1,5 миллион теңгеден беріледі. "Жерлеу рәсіміне келетін болсақ, қаза болғандардың денелеріне мемлекеттік ту жабылды, әскери оркестр қаралы маршты орындады, құрметті қарауылдар сапқа тұрды, сонымен бірге, үш мәрте аспанға оқ атылды", - деп хабарлады ведомство баспасөз хатшысы.
Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кеткені хабарланды. Кейін қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған. Кейін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов осы оқиғаға жауапты төрт әскери басшыны қызметінен босатты.
Алдын-ала тексеру және тергеу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің шешімімен полковник Мұрат Нұғыманов қызметінен шеттетіліп, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы Ризат Қолпашевті, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Мерген Қапашевті, теңіз жаяу әскері бригадасының командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Олардың бұдан арғы жауапкершілігін әскери прокуратураның тергеу шараларының нәтижесі бойынша сот органдары анықтайтын болады.