Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтауда зорланған алты жасар қыз Астанаға жеткізіледі 27 тамыз 2016, 11:28

Маңғыстау облыстық әкімдігі қызды зорлаған адам жайлы мәлімет бергендерге 3 миллион теңге сомасында сыйақы дайындап отыр.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Tumba.kz © Tumba.kz

Астаналық дәрігерлер жұма күні кешкі уақытта Ақтау келіп жетті. Зорланып, өлім аузынан қалған алты жасар қызға көмектесу үшін келген олар баланы елордаға тасымалдау жөнінде шешім шығарыпты. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы әлі де өте ауыр, бірақ жағымсыз динамика жоқ екен. Бұл туралы ақтаулық "Тумба" басылымы хабарлады. 

"Біз баланың денсаулық жағдайымен таныстық. Диагноз қойылды. Өміріне қауіп бар. Ол коматоз жағдайында жатыр. Оған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының жағдайында ем қажет, сонда ғана оған мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік болады. Сәбиді әуе жолымен тасымалдаймыз", - деді Ана мен бала орталығының балалар анестезиологы-реаниматологы Болат Жұманиязов.

Айта кетейік, ал Маңғыстау облыстық әкімдігі қызды зорлаған адам жайлы мәлімет бергендерге 3 миллион теңге сомасында сыйақы дайындап отыр. 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram