09 қазан 2016 10:18

Ақтауда алты жасар қыздың зорлануы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда алты жасар қыздың зорлануы туралы деректің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтауда алты жасар қыздың зорлануы туралы деректің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстың мән-жайын қызды зорлады деген күдіктінің мемлекеттік қорғаушысы Намиг Велиев айтып берді. Оның айтуынша, күдікті бірінші күннен бастап өзінің бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып отыр. "Одан жауап алу кезінде сол күні қайда бара жатқанын айтып бере алмады, минуттап айтып бере алмаған шығар. Ол клиентті 7-ші ықшамауданнан алып, 29-шы үйге алып келгенін, клиент есеп айырысып, 28-ші үйге қарай жүргенін айтты. Көлігін 29-шы үйдің маңына қойып, шылым шегуге шыққанын айтты. Кейін ол әйелімен хабарласқан. Телефон соққаны әйелінің ұялы телефонында тіркелген. Ол теңізден клиент алатынын айтқан, себебі 1-ші ықшамауданнан төлем әдеттегідей болса, теңізден сәл ары тұстан алса 100-200 теңгеге көп алады екен. Бұдан соң ол өзінің қайда барғанын нақты айтып берді, маршруты аудио мен видеоға тіркелген. Камералар грузин ауруханасында, Рахатта, монша кешені мен Шағалыдағы видеобақылау камералары оның маршрутын тіркеген. Сол камералардан видео да түсірілген. Барлық маршруты тіркелген", - деді Немиг Велиев. 

Сонымен қатар, адвокат қыздың ұрланған кезіндегі зорлықшыны көрді делінген куәгердің табылғанын айтты. "Ол 1-ші ықшамауданнан шығып келе жатқанда, баласы бар әйел жақындаған, оның айтуынша, ол ер адамның өтіп кетуін күтіп тұрған. Куәгер әйел оның кетіп қалуын 30-40 секундтай күткенін айтты, осы уақытта ер адам біреумен сөйлесіп тұрыпты. Оның не істеп тұрғанын сұрағанда, ол таксистерде жолаушылар заттарын қалдырып кетті ме деп, көлікті қарау әдетке айналғанын айтыпты", - деді қорғаушы. 

Адвокат полицейлердің зорлықшының сол уақыттардағы маршрутын толықтай қалпына келтіргенін мәлімдеді. Айтуынша, полицейлер зорлықшының мысықты ұстап көр деген сылтаумен шақырып алғанын да анықтапты. Осыдан кейін қыз күдіктінің көлігіне отырған соң, ол қызды қылмыс болған жерге апарған. 

"Оның тоқтаған жалғыз жері Шағала шипажайы (1-ші ықшамауданнан бірнеше минуттағы жер), мұнда адам көп жүрмеген. Ол көлігін сол маңға қойған, маңында камера түсіріп тұрған. 29 минут. Ол көлігінен тіпті шықпаған. Көліктің алдыңғы бөлігі көрінбейді, ал артқы бөлігі көрінеді. Ол тоқтаған жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Көліктер мен адамдар болмаған. Камерадан оның ағаштың астына тоқтағанын және 29 минут отырғанын көруге болады", - деді Намиг Велиев. 

Адвокаттың айтуынша, қыз күн астында көп жатып қалғандықтан көбірек зардап шеккен. "20 тамызда қандай ыстық күн болғанын өздеріңіз білесіздер. Күн өтіп кеткен. Бір қалыпта жатқандықтан денесі де күйіп қалған", - деді Велиев. 

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. 

Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасынтаратты. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети