07 қаңтар 2016 16:54

Ақтауға аққулар ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Лада" басылымы © "Лада" басылымы

Ақтауға аққулар ұшып келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.


Ақтауға аққулар ұшып келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Аққулардың жыл сайын желтоқсан айында ұшып келетіні айтылады. Алайда осы жолы құстар бір айға кешікті. Тұрғындар бұған ауа райының ерекше жылылығы себеп болды дегенді айтады. 

"Аққулар әдетте Ақтауға желтоқсан айында суық болса да ұшып келетін. Биыл ауа райы ерекше жылы, олар сондықтан да кеш ұшып келген шығар. Аққулардың барған сайын азайып бара жатқанын байқап отырмыз. Ал шағалалар азаймады", - дейді Ақтау тұрғыны Нұрболат Әбілқайыров. 

Басылымның мәліметінше, қалалықтар жағалауға келіп, аққуларға тамақ беретін әдет тауыпты. 

2015 жылдың сәуірінде Ақтау қаласының маңындағы Қаракөл көліне қоқиқаздар ұшып келген еді. Фотограф Влад Ротмистров құстарды квадрокоптермен түсіріп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети