27 маусым 2020 13:11

Ақтаулық дәрігер жасанды тыныс алдыру аппаратын алу үшін қазақстандықтардан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда провизорлық стационардың дәрігері әлеуметтік желідегі парақашысында оттегі концентраттары мен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуға қаражат жинап жатқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда провизорлық стационардың дәрігері әлеуметтік желідегі парақашысында оттегі концентраттары мен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуға қаражат жинап жатқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пневмония - оттегі қажет ететін ауру, ол болмаса, дәрі-дәрмектер айтарлықтай әсер етпейді. Мемлекет берген оттегі аппараттары, шынымен, жетіспейді, адамдар күн сайын көбейіп барады.

Кімді құтқару керек, кімнің өмірі маңыздырақ, қалай таңдаймыз?! Біз, дәрігерлер сізбен бірге халқымызға көмек көрсеткіміз келеді, қосымша оттегі концентраторларын, мүмкін болса жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу үшін еңбекақымыздың бір бөлігін беруге дайынбыз, осыған байланысты, барлығыңыздан жағдай келгенше көмектесуіңізді сұраймын", - деп жазды Индира Атажанова Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Индира, врач-блогер, Актау (@indira_atazhanova)

Дәрігер әр аударылған теңге үшін, аппараттардың құны мен сатып алынған заттар туралы есеп беруге уәде берді.

"Астана ТВ" телеарнасының мәліметінше, адамдар мәселеге бей-жай қалмай, тәулік ішінде 700 мың теңге жинаған.

Денсаулық сақтау басқармасы құрал-жабдықтардың жетіспеушілігін растады. Бүгінгі таңда қалада 50 оттегі аппараты жетіспейді. Бірақ шенеуніктер жасанды тыныс алдыру аппараттарымен мәселе жоқ деп сендірді. Олар жетіспейтін техниканы бюджет есебінен сатып алуға уәде берген.

Телеарна тілшісі дәрігердің қаражат жинағаны үшін жазаланбағанын және сол ақшаға оттегі аппаратын сатып алуға рұқсат етілгенін хабарлады.

"Мүмкін ол мұны эмоцияға беріліп жазған шығар. Мүмкін, ол өзі айтқандай, барлығы жақсы болғанын қалаған. Әрине, бұл оның жеке парақшасы, өз өмірі, оның іс-әрекеті дұрыс емес деп, жауапкершілік туралы айтуға болмайды. Ол бастама жасап, өзі сатып алса, рахмет айтамыз, тыйым сала алмаймыз", - деді телеарна тілшісі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуовтың сөзін келтіріп.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети