29 қаңтар 2021 11:35

Актер Сәбит Оразбаев І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Хабар 24" Фото: "Хабар 24"

Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Сәбит Оразбаевқа І дәрежелі "Барыс" орденін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл мәртебелі марапатқа танымал актер мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен иеленді", - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімде мемлекеттік хатшы Сәбит Оразбаевты 85 жасқа толуына орай ізгі тілегін жеткізіп, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауларын оқып берді.

Сәбит Оразбаев – саналы ғұмырын театр сахнасына арнаған дарынды актер. Жарты ғасырлық актерлік қызметінде ол қазақ және әлемдік классикалық, заманауи драматургиядан 100-ден аса драмалық рөлде ойнады. Шығармашылық жолын комедия жанрында бастап, "Бөлтірік бөрік астында", "Құдалар келді", "Беу, қыздар-ай" спектакльдерінде шеберлігімен ерекшеленіп, Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", Антон Чеховтың "Ваня ағайында" жарқын бейнелерді сомдады.

Сондай-ақ мемлекеттік хатшы "Nomad Stunts" каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновпен кездесіп, белгілі қазақстандық каскадерді Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді "Taurus" сыйлығымен марапатталуымен құттықтады.

Қырымбек Көшербаев бұл беделді халықаралық марапаттың Қазақстан каскадерлерінің жоғарғы шеберлігін мойындағаны ғана емес, қазақстандық мәдениет пен кино өнеріне қосқан зор үлесі екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети