08 желтоқсан 2022 09:17

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация қандай құжат?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда біртіндеп жалпыға бірдей декларацияны енгізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырып жатыр, ал 2023 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс. Декларацияны қағаз түрінде де (ХҚКО, мемлекеттік кірістер органдары арқылы немесе пошта арқылы), сондай-ақ электрон түрде де (eSalyq Azamat мобильді қосымшасы және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сайтындағы салық төлеушінің кеңсесі арқылы) тапсыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілерді және олардың жұбайларын, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды және олардың жұбайларын декларациялау басталды.

Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) және олардың жұбайлары тапсырады.

Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Ең басында азаматтар кіріс (ең бірінші) декларацияны (форма 250.00) толтыруы керек. Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы мәліметінше, тек Алматыда 2023 жылы 100 мыңнан аса мемлекеттік мекеме қызметкері декларация тапсыруға жатады, бұл олардың жұбайларын есепке алмаған.

Міне, бірінші "енгізу" декларациясы және оған қосымшалар (форма 250.00). Оның мазмұнымен танысып, сол жерге енгізу қажет активтеріңіз бен міндеттемелеріңіз туралы ақпаратты дайындауды ұсынамыз.

Айта кетейік, кіріс декларациясында (форма 250.00) қазақстандықтарға 10 000 АЕК-ке дейін (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 30 миллион 630 мың теңге) қолма-қол ақшаны көрсетуге рұқсат етілген. Алайда, салық органдары бұл соманың нақты бар-жоғын тексермейтінін айта кеткен жөн. Көрсетілген сомадан асатын қолма-қол ақшаны жылдың басына дейін банк шоттарына орналастыру ұсынылады (2-кезең үшін – бұл 2022 жылдың 31 желтоқсаны).

Кейіннен бұл қаражат ірі сатып алу, яғни салық төлеушінің шығындары ретінде есепке алынады. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін жалпыға бірдей декларация енгізілгеннен кейін, 2025 жылға қарай болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети