22 маусым 2020 09:38

Ақтөбе ауруханасында жатқан науқас жұрттың қалай емделіп жатқанын баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі медициналық орталықтың провизорлық бөлімінде жатқан науқас "Диапазон" басылымына хат жолдап, орталықтағы дәрігерлердің пневмониясы бар адамдарды қалай емдейтіні туралы айтып берді.


Ақтөбедегі медициналық орталықтың провизорлық бөлімінде жатқан науқас "Диапазон" басылымына хат жолдап, орталықтағы дәрігерлердің пневмониясы бар адамдарды қалай емдейтіні туралы айтып берді.

Науқас әйелдің айтуынша, ол ауруханаға пневмониямен 13 маусымда түскен. Үш күн дене қызуы көтеріліп, кейін дәрігерлерді шақырған.

Қазір біздің палатада төрт науқас жатыр, біреуінің жағдайы ауыр. Екеуі 9 маусымнан бері жатыр дейді.

"Барлығы уақтылы - система, укол, ешқандай дәрі-дәрмек бермейді. Жақсы тамақтандырады. Ыстық күйде, өте дәмді. Таңертең және кешке ботқа. Науқастарға барлық жағдай жасалған - ыстық су, суық су, суды тіпті өздері таратып әкеледі. Ыдыс-аяқтары бірреттік, төсек жабдығын сұрасаң уақтылы ауыстырып береді. Дене қызуы жоғарылаған соң терлейсің ғой, төсекті ауыстырады, барлығы таза. Еш жерде ештеңе шашылып жатқан жоқ", - дейді әйел.

Дегенмен, оның айтуынша, науқастардың көбі дәлізде жатыр екен, себебі бос орын жоқ.

"Пневмониясы барлар перзентхана ғимаратының екінші қабатына жатқызылды. Онда көбіне ер адамдар жатыр. Ауыр науқастар да бар, дегенмен мұндағы медициналық қызметкерлер өте жақсы. Барлығы формамен, маска таққан. Науқастардың ішінде жөтеліп, жағдайы нашары бар. Дәрігерлер бір-біріне көмектесіп жатыр. Бірақ дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің тапшылығы байқалады. Оларға денсаулық пен күш-қуат берсін! Адамдар болмайтын нәрсені айта береді. Біз, Ақтөбедегі медициналық орталықта ем алушылар, жағдайдың қалай болып жатқанын білеміз, медициналық қызметкерлерге алғыстан басқа ештеңе айта алмаймыз. Барлығына денсаулық тілейміз", - дейді ол хатында.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 17 732-ге жетті, ал симптомсыз науқастардың саны 9809 болды. Қайтыс болғандардың саны - 120.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети