22 наурыз 2020 15:44

Ақтөбе облысында 500-ге жуық отбасы мемлекетке 10 миллион теңгедей қарыз болып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жағдайы төмен отбасылар мемлекетке 10 миллион теңге қарыз болып қалған. Ол көбіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде өздерінің табысын жасырып қалған отбасылар, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Ақтөбе облысында жағдайы төмен отбасылар мемлекетке 10 миллион теңге қарыз болып қалған. Ол көбіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде өздерінің табысын жасырып қалған отбасылар, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Жергілікті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, барлығы 500-дей отбасы мемлекетке қарыз болып қалған. 

"Ол отбасыларды сотқа бермейміз, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

2019 жылы облыс бойынша 19 866 жағдайы төмен отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Жалпы 10,6 миллиард теңге. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы өсуіне байланысты АӘК алатын тұрғындар саны қысқарған. Енді мұндай жәрдемақыны тек 4,5 мың отбасы пайдаланады. Бірінші тоқсанда оларға 483,3 миллион теңге бөлінген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети