10 ақпан 2024 14:02

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тек Ақтөбе-Орск тас жолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі бөлігі жүк және қоғамдық көліктер үшін ғана жабық тұр. Басқа жолдар ашық.

Самара-Шымкент тас жолындағы жағдай да ерекше бақылауда. Әсіресе, адамдар көп қатынайтын Хромтау мен Ақтөбе арасындағы жеңіл көліктер мен жанармай, азық-түлік тасымалдушы ауыр техникаларды полиция таңертең сағат 08.00-ден бастап діттеген жерлеріне жеткізіп жатыр.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытындағы жолды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жол учаскелерін тазалауға жүк көліктерінің көптігі қиындық тудырып отыр. Полиция департаменті азаматтардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 452.97   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети