07 ақпан 2024 10:04

Ақтөбе облысында қарлы боранда тасжолда қалып қойғандарға нанды 1300 теңгеден сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ақтөбе облысындағы аудан орталығы Хромтау маңында жолаушыларға толы алты автобус екі күн жолда тұрып қалды. Балаларды қосқанда 80 адам тамақсыз қалған. Олардың бәрі Өзбекстан тұрғындары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысындағы аудан орталығы Хромтау маңында жолаушыларға толы алты автобус екі күн жолда тұрып қалды. Балаларды қосқанда 80 адам тамақсыз қалған. Олардың бәрі Өзбекстан тұрғындары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қарлы боран салдарынан Самара–Шымкент республикалық тасжолының учаскелері жабылған. Хромтау мен Қарабұтақ ауылы іргесіндегі жабық жолда көліктер тағы да жиналған. "ҚазАвтоЖол" қызметкерлерінің айтуынша, күннің бірінші жартысында 1000-нан аса жүк көлігі мен 400-ге жуық жеңіл көлік жабылған жолдарда тұрып қалған. Барлығы ауа райының жақсаруын күтуге мәжбүр болған.

Бұл кезде, көлік жүргізушілерінің айтуынша, жақын елді мекендердің тұрғындары нанды 1300 теңгеден сатқан. Бірақ шенеуніктер мұндай баға болуы мүмкін емес деп отыр.

Түнде азық-түлік алып, автобус жолаушыларына шыққан еріктілер оларға әрең жеткен.

"Олар екі күннен бері тұрғандарын, балалардың қарны ашқанын хабарлады. Су да, тамақ та жоқ. Жақын жерде жанар-жағармай құю бекеттері де, дүкендер де жоқ. Өту өте қиын болды, өйткені кептеліс бар. Магистраль тек жеңіл көліктер үшін ашылды. Бірақ екі сағаттың ішінде жеттік. Балалар қуанып, ата-аналар алғысын білдірді", - дейді волонтер Екатерина Голотина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети