10 мамыр 2021 15:24

Ақтөбе облысында мотоцикл жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: "Мой Город" Көрнекі сурет: "Мой Город"

Ақтөбе облысында мотоцикл тізгіндеген ер адам велосипед айдап бара жатқан баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город".


Ақтөбе облысында мотоцикл тізгіндеген ер адам велосипед айдап бара жатқан баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город".

Оқиға 7 мамырда Байғанын ауданындағы Қарауылкелді ауылында болған. Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік номеры жоқ мотоцикл тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші велосипедпен кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен. 

"Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, Байғанин ауданындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілері мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек. Ал "екі дөңгелекті" көлік құралдарының жүргізушілері жол ережелерін және жеке қауіпсіздік шараларын оқып, қатаң сақтауы керек", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети