20 қаңтар 2018 | 10:01

Ақтөбе облысындағы автобус апаты: Тірідей жанып кеткендердің аты-жөні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлады КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі әзірге 29 марқұмның есімдерін жариялаған. Ал қазақстандық тарап бұған байланысты жақ ашпай отыр. Әзірге өрттің шығуы мен жолаушылардың неден өлгенін анықтауға қатысты сот сараптамасы аяқталған.

"Өлген адамдардың кім екенін жариялауда Өзбекстан тарапы жеделдік танытты. Әзірге 29 марқұмның есімі белгілі. Қалған 23 адамның кім екенін әлі анықтап жатыр. Ол үшін қай елдің ДНК сарапшыларына жүгінетіндері белгісіз. Ал автобуста кеше тірідей жанып кеткендердің дені ер азаматтар. Барлығы дерлік Наманган облысының тұрғындары екен. Ең жасы 19-да, үлкені 41-де", - деп хабарлады телеарна. Өрттің шығу себебіне қатысты сот-медициналық сараптама қортындысы ғана әзір болған. Бірақ оны жариялау үкіметаралық комиссияның құзырында. Дегенмен, сарапшылар оқиға орнында және жолаушылардың неден өлгенін анықтауда жұмысымызды бітірдік деп отыр.

"Тергеу жүріп жатқан соң қорытындыны айта алмаймыз. Негізінен қаза болған адамдардың мүрдесі Ақтөбеге толық жеткізілді. Сарапшыларымыз түні бойы жұмыс істеді. Өзбекстандық әріптестер де осында. Өрттің шығу себебін анықтауға жергілікті орталықта барлық жағдай жасалған. Басқа өңірлерден мамандар шақырып әуреге түскен жоқпыз", - деді "Сот сараптама орталығы" РМҚК директорының орынбасары Назгүл Иманбаева.

Қазір еліміздің Ішкі істер министрлігі автобуста көз жұмғандарға қатысты көмек сұрап отыр. Өйткені қатты күйік шалған 23 адамның кім екенін анықтау үшін қандай да бір ақпарат білгендердің хабарласуын сұрайды.

Телеарнаның хабарлауынша, өртке оранған автобус жолаушыларды Өзбекстаннан Ресейдің Қазан қаласына жеткізуі тиіс болатын. Сондай-ақ, Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Рустам Джураев бастаған топ оқиға орнына аттанды. Көрші елден келген өкіметтік комиссия құрамында сол елдің Денсаулық сақтау, Ішкі және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері бар.

"Өзбекстан президентінің жарлығымен өкіметтік жұмыс тобы құрылып, төтенше жағдайлар жөніндегі министр осында жеткен еді. Себебі қайғылы оқиғаның себеп салдарын білу үшін. Тексеру жұмыстары шұғыл жүргізіліп жатыр. Қазақстан тарапының көмегімен қаза тапқандардың мәйіті мен зардап шеккендерді жеделдетіп елге жеткіземіз деп ойлаймын", - деді Өзбекстанның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Тимур Рахимов.

Түрлі алып-қашпа әңгіменің айтылатындай да жөні бар. Себебі соңына дейін ешқандайда ресми мәлімдеме таратылған жоқ. Тек үкіметаралық комиссияның өкілдері түн жарымында ғана брифинг ұйымдастырды. Оған төрт бірдей министрдің орынбасы келді. Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаның қылмыстық іс емес екенін айтты. Оның сөзінше, от тұтанғанда жолаушылар уланып қалған. Олар көліктің екінші қабатында болыпты. Ал бірінші қабаты автобустың тиелген жүкке толы болған. Сондықтан сыртқа шығуға мүмкіндік болмапты.

"Автобус жолдың үстінде тұр. Техникалық ақауы жоқ. Қылмыс белгілері анықталмады. Заттай айғақтар, аман қалған адамдардың жауаптары осыны дәлелдейді. Өрт алдымен автобус салонынан шыққан. Содан жолаушылар уланып, сыртқа дер кезінде шыға алмай қалған. Өрт шыққан кезде жүргізуші жолаушыларын құтқармақ болған. Бұл ешқандай да қылмыс емес, қайғылы жағдай", - дейді ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Өрттен аман қалғандардың денсаулығы жақсы. Ал мәйіттердің Өзбекстанға қашан жөнелтетіні белгісіз. Бірақ ол жаққа жеткізуді ақтөбелік билік өз мойнына алып отыр.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети