18 қаңтар 2018 12:35

Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"2018 жылғы 18 қаңтарда сағат 10.30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында "Самара-Шымкент" автожолынан 1068 шақырым, Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде қозғалыс кезінде "Икарус" маркалы жолаушылар автобусы жанды. Салонда 55 жолаушы және 2 жүргізуші болды. Азаматтығы анықталуда. ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы күрежол медициналық-құтқару пункттері қызметкерлерінің күштері автобустан шығып үлгерген 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетуде", - деп хабарлады  ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Оның мәліметі бойынша, қалған 52 адам оқиға орнында қаза тапқан.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб орнатылып, психологиялық қызмет қауырт желі жұмысы ұйымдастырылған. 

"Қауырт желі" телефондары: +7 7132 56-29-62, +7 7132 56-68-85.
Оқиға орнында полиция бөлімшелері, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, психологтар жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети