15 мамыр 2023 10:11

Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт кезінде зардап шеккен төрт жұмысшының бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт кезінде зардап шеккен төрт жұмысшының бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайдан кейін ер адам санавиациямен елордалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты, бірақ қатты күйік шалғандықтан, әрі қарай өмір сүре алмады.

"Марқұм 56 жаста еді. Қалған екі жәбірленуші Астана қалалық ауруханасында емделуді жалғастыруда. Тағы біреуі Ақтөбеде емделуде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды", - делінген хабарламада.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" газ өңдеу зауытындағы өрт 1 мамырда басталып, 2 мамырда сөндірілді. Төтенше жағдай газ өңдеу зауытының жеңіл көмірсутектерін алу қондырғысында орын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети