13 қаңтар 2022 09:20

Ақтөбе полицейлері әкімдік маңындағы тәртіпсіздіктер қалай басталғанын көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Ақтөбе полицейлері 5 қаңтарда әкімдік ғимараты алаңда басталған тәртіпсіздіктер видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбе полицейлері 5 қаңтарда әкімдік ғимараты алаңда басталған тәртіпсіздіктер видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көшедегі бейнебақылау камераларына түсірілген жазбалардан наразылық білдірушілер жүк көлігімен жаяу жүргіншілер жолына төселетін тастарды алып келіп, кейін оны полицияға қарай атып жатқаны көрінеді.

Қауіпсіздік күштері қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ олар аз екені анық. Тәртіп сақшыларының бірі көлік астында қалған.

"Тәртіпсіздік салдарынан 17 полицей түрлі дәрежеде жараланған. Полицейлердің қызметтік көліктері, арнайы техникасы, байланыс құралдары зақымданған. Молотов коктейльдері, таяқтар, темір мен тастар тәркіленді", - деді Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев.

Шерушілер облыс әкімшілігіне екі рет шабуыл жасаған. Алдымен 5 қаңтарда түстен кейін, бірақ кейін олар тарап кеткен.  Ал 7 қаңтарға қараған түні жүздеген демонстрант әкімдікке кіріп, дәлірек айтсақ, шенеуніктер кеңсесіне кіріп, бүлік жасап, тонап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы алдын ала болжам бойынша 300 миллион теңге.

Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Аймақта шенеуніктердің көпшілігі онлайн режимде жұмыс істейді. Интернетте проблема жоқ, автобустарда қолма-қол ақшасыз төлемдер қайта қабылданып жатыр. Банктер мен ақша айырбастау пункттері қайта ашылды. Дүкендерде ішімдік сатуға тыйым салынған - жұмыс күндері, тек кешкі беске дейін. Демалыс күндері алкоголь сатуға болмайды.

Тәртіпсіздіктен кейін жергілікті полиция бөлімшелеріне барлығы 960 адам жеткізілген. 11 қылмыстық іс қозғалған. Жеті тұрғын аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, оның ішінде терроризм мен билік өкілдеріне зорлық көрсетті деп күдікке ілінгендер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети