Ақтөбеде көпір қоршауында фашистік свастика пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автор белгінің жанына жоғары көтеріліп тұрған қолдың суретін салыпты.
Ақтөбеде көпір қоршауында фашистік свастика пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автор белгінің жанына жоғары көтеріліп тұрған қолдың суретін салыпты.
Бұған қарама-қарсы үйлерде еңбек майдангерлері тұрады және олар Ұлы Жеңісті тойлау қарсаңында салынған суретті өздерін қорлау деп санайды. Ақтөбеліктер вандалдарды тауып, жазалауды талап етіп отыр. Ақтөбе тұрғыны Владимир Куликов "ардагерлер үшін қынжыламын, олар соғысты, ұрпақтары осылай алғыс айтулары үшін қан төккен жоқ", - дейді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сурет сәуір айының соңында пайда болған. Ал қалалық әкімдік фашистік свастика туралы тек 5 мамырда біліпті. Қазір полицейлер мен прокурорлар оқиғаны зерттеп, суреттің авторын іздеcтіріп жатыр.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға өткен жылы тамызда Ақтауда болды. Вандалдар Тобанияздың ескерткішін қорлады. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті маңында орналасқан ескерткішке вандалдар фашистік таңбаны салып, бейпіл сөздерді жазып кеткен. Ал 2012 жылы фашистік свастика салған Көкшетаудың тұрғыны сотталған болатын. Ол кезде мас жігіт Жеңіс күнімен құттықтаған адамды соққыға жығып, облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына фашистік белгіні салып кеткен болатын.