Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ақтауда вандалдар ескерткішке фашистік таңба салып кетті

22 Тамыз 2014, 10:36
0
©Рашид Исмагилов. lada.kz
©Рашид Исмагилов. lada.kz
©aktau-business.com
©aktau-business.com

Ақтау қаласында Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші қорланды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті маңында орналасқан ескерткішке вандалдар фашистік таңбаны салып, бейпіл сөздерді жазып кеткен, - деп хабарлады "Лада" порталы. 

"Каспий Оперейтинг" ЖШС директоры Әбдірахым Қалымовтың сөзіне қарағанда, қалада ескерткіштерді бояу сияқты вандалдық әрекеттер жиі болып жатады. Көбінесе, Тобанияз Әлниязұлы, Тарас Шевченко және Мәңгілік алау ескерткіштері қорланады. "Біздің жұмысшыларымыз аптасына үш рет барлық ескерткіштерді тексеріп отырады. Сол кезде ылғи бір жазуларды өшіруге тура келеді. Біз оның бәрін істейміз. Бірақ мұнымен мәселе шешілмейді ғой. Біз қаланың ішкі істер басқармасына бірнеше рет өтініш жасап, бейнебақылауды орнатуды сұрағанбыз. Алайда әлі күнге дейін нәтиже жоқ", - дейді Қалымов. Осы жолы вандалдар қызғылт сары бояумен свастика таңбасын салып, боқтық сөздерді жазып кетті. Бұл "шығармашылықтың" кімге тиесілі екені әлі анықталмай отыр. 

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, вандализм үшін 100-500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу, 120-180 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты жаза қолданылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай