22 сәуір 2022 08:45

Ақтөбеде 10 жастағы оқушыға тиіспек болған Германия азаматы ұсталды

Ақтөбеде белгісіз ер адам үшінші сынып оқушысын аңдып жүрген. Артынша күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Ақтөбеде белгісіз ер адам үшінші сынып оқушысын аңдып жүрген. Артынша күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, бұл оқиға туралы оқушының анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Әйел адамның сөзінше, қызы мектептің жанындағы дүкенге кірген кезде қасына 60-65 шамасындағы ер адам келген. 

Ер адам оқушы қыздың алған тәттілерін төлеп, бірге мектепке дейін барып, оның есімін, қай сыныпта оқитынын сұрап алған. Үшінші сынып оқушысы қорқып, қашып кеткен. Бірақ ер адам қайтадан келіп, мұғалімдерден қыз туралы сұрап, іздей бастаған.  

Мектеп директоры қыздың анасы айтқан сөздерді растап отыр. 

"17:15-те кезекші мұғалім мектеп фойесінде тұрған белгісіз ер адамды байқап қалды. Мұғалім оның кім екенін, кімді күтіп тұрғанын сұраған кезде қыздың есімін айтып, сол оқушыны күтіп тұрғанын айтқан. Мұғалім ол бөтен адам екенін түсініп, оны қуып жіберді", - дейді Сания Данишева. 

Қыздың ата-анасы полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды ұстады. Күдікті - Германия азаматы екені анықталды. elitar.kz мәліметінше, ол жеті жылдан бері Қазақстанда заңсыз тұрып келген.  

Күдікті өз әрекетін басқаша түсіндірген. Оның сөзінше, 19 сәуірде оның отбасында еске алу күні болған. Сол күні бірнеше жыл бұрын әкесі қайтыс болған. Сондықтан кішкентай қызға тәттілер алып берген. 

Полицейлер Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети