21 ақпан 2024 11:59

Ақтөбеде 1,4 миллиард теңгеге жуық салықты төлемеген шетелдікке үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде сот "Азия Бақанас" ЖШС басшысы және Қытай Халық Республикасының азаматына қатысты аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбеде сот "Азия Бақанас" ЖШС басшысы М. Ақышқа және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, "Азия Бақанас" ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған.

Сот үкіміне сәйкес, Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети