27 наурыз 2020 14:09

Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны 9 жастағы қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе тұрғыны 9 жастағы қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбеде зорлау ісі бойынша үкім шығарылды. Сот Ақтөбе қаласының тұрғынын қасақана балаға қатысты зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танып, 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады Ақтөбе қалалық Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Оқиға 2019 жылдың желтоқсанында белгілі болған. БАҚ өкілдері Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлаған адам іздеуде екенін хабарланған. Жәбір көрген баланы әкесі пәтерінен тапқан. Қыз үйде жалғыз болғанда бөтен біреу баланы есік ашуға көндіріп, ішке кірген.

18 желтоқсанда күдікті ұсталды.

Сол уақытта әлеуметтік желі пайдаланушылары баланы қорлады деп басқа Ақтөбе тұрғынының суретін таратқан болатын. Шын мәнінде, оның бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоқ болып шықты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети