08 шілде 2023 11:28

Ақтөбеде ағаш екі көліктің үстіне құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ағаш екі көліктің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапозонға" сілтеме жасап.


Ақтөбеде ағаш екі көліктің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапозонға" сілтеме жасап.

Әбілқайыр хан көшесі бойындағы аулада ағаш Chevrolet және Toyota көлігінің үстіне құлады. Ол кезде көліктерде ешкім болмағаны хабарланды.

"Аулада қатты және қорқынышты дауыс естілді. Біз сыртқа шығып, не болғанын көрдік. Біздің учаскелік полиция қызметкері бәрін жөндету үшін полиция шақыру керек деді. 102-де учаскелік полиция қызметкері мұнымен айналысу керегін айтады. Біз не істеуіміз керек? Ағаш жерде жатыр, жолды бөгеп тастады. Сағат 16:00-ден бастап күтіп отырмыз, қазір сағат 21:00. Қайда барамыз? Шығынды кім өтейді?" - дейді Chevrolet көлігінің иесі Ирина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Полиция қызметкерлері оқиғаны учаскелік полиция қызметкері тіркегенін айтты.

"Ол жерде полиция немесе учаскелік полиция қызметкерін шақыру керек. Ол хаттама жасайды, онда бұл аумаққа кім жауапты, тұрғын үй кооперативі, жеке меншік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық болуы мүмкін. Әрі қарай адамдар тәуелсіз сарапшыдан келтірілген шығынды бағалауы керек және өтемақы алу үшін соталды шағыммен аумақтың жауаптысына хабарласуы керек. Егер зиян өз еркімен өтелмесе, онда сотқа жүгініңіз", - деп түсіндірді адвокат Алена Дуля.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети