25 желтоқсан 2021 20:57

Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сурет: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі © Сурет: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде бүгін, 25 желтоқсанда Алаш қайраткерлері бейнеленген "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбеде бүгін, 25 желтоқсанда Алаш қайраткерлері бейнеленген "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кешеннің ашылуына "Алаш ұраны" гимні орындалып, "Алаш" партиясының туы көтерілді. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Темірбек Жүргенов пен Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, қоғам қайраткерлері мен өңірдің ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мемориалдық кешенге "Алаш" партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан рельефті композицияның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 7 метр. Жоба авторы - мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

"Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ұлықтап, олардың тауқыметке толы тағдырынан тағылым алуға тиіс. Тарихтан тағылым алмағандар үшін қасырет әрдайым қайталанады. Бүгінгі "Азаттықтың ақ таңы" тарихи кешені Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне, олардың мұрасына деген адалдығымызды аңғарту мақсатында ашылып отыр!", - деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Шара соңында қонақтар мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети