06 қаңтар 2023 14:49

Ақтөбеде алаяқтық үшін сотталған бұрынғы әкім бостандыққа шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Алмалы ауданының сотталған бұрынғы әкімі Абат Көбеновке тағайындалған бас бостандығын айыру жазасы айыппұлға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.


Ақтөбеде Алмалы ауданының сотталған бұрынғы әкімі Абат Көбеновке тағайындалған бас бостандығын айыру жазасы айыппұлға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Үкім Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сатысында қайта қаралып, алаяқтық жасап сотталған адамның жазасын өзгертуге болады деген қорытынды шығарылған. Қылмыстық істер жөніндегі алқа экс-әкімді үш жылға бас бостандығынан айыру жазасының орнына 13 миллион 839 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Облыстық сот өкілі сотталған шенеуніктің жазасы неге жеңілдетілгенін түсіндірді.

"Апелляциялық сотта ол жазаны жеңілдетуді және жәбірленушіге келтірілген залалды өтегенін, денсаулық жағдайын, сондай-ақ, үш бала тәрбиелеп отырғанын, қарт анасы барын ескеруді сұрады. Сот материалдарды, прокурордың қорытындысын қарап, жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ұрланған мүліктің он есе мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

2022 жылғы ақпан-қыркүйек аралығында Абат Көбенов Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол Ақтөбе әкімі аппаратының басшысы болған. Әр жылдары жеке кәсіпорындарда, Батыс Қазақстан облысындағы аудан әкімдерінің аппаратында, жастар қоғамдық бірлестіктерінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Бірінші сатыдағы үкім 2022 жылғы қазанда жарияланды. Көбенов қалалық әкімдік аппараты басшысы болып жүрген кезінде, танысына жер телімін беріп, 1 миллион 383 мың теңге алғаны үшін сотталған. Оған "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Содан кейін сот оны үш жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуіне тыйым салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети