06 маусым 2016 16:00

Ақтөбеде болған атыстан кейін 9 адам ауыр жағдайда жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dn.ua © dn.ua

Ақтөбеде болған жағдайдан кейін 9 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.


Ақтөбеде болған жағдайдан кейін 9 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

"Осы уақыт бойы 38 адамға медициналық көмек көрсетілді. Екі адам қаза болды. 15 адам жеңіл жарақат алған. Оларға да медициналық көмек көрсетіліп, емханада емделуге жіберілді. 20 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың 14-іне ота жасалып, үшеуіне енді ота жасап жатыр, ал тоғыз адамның жағдайы ауыр", - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 

"Біздің дәрігерлер кеше оқиға орнына барды. 6 хирург маман бар. Олар ота жасап, бүгін таңертен қайтып кетті. Біз қажет нәрсені жасадық, қазір бәрі бақылауда", - деді министр.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети