Ақтөбеде екілік баға қойған мұғалімді сотқа берген оқушының анасы өз арызын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Ақтөбеде екілік баға қойған мұғалімді сотқа берген оқушының анасы өз арызын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Ақтөбеде № 35 мектептің жетінші сынып оқушысының анасы баласына екілік баға қойған мұғалімнен миллион теңге талап етіп, сотқа берген еді. Оның айтуынша, мектеп әкімшілігіне түсірілген шағымнан кейін мұғалім оның баласына үй жұмысының жоқтығын сылтауратып "екі" деген баға қойып берген. Бұл оқиғадан кезекті шыққан дауда әйел прокуратураға және қалалық білім бөліміне хат жазған еді.
ҚР Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында арыз негізінде Ақтөбе қаласы білім беру бөлімінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылғаны айтылған. Бұл жағдайды анықтау мақсатында мұғаліммен, ата-анамен, оқушымен сұхбат жүргізілген. "Ата-ананың неліктен арыз жазғаны анықталып, диктофонға жазылған аудиожазба тыңдалды. Бұл деректерге байланысты математика пәнінің мұғаліміне педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін сөгіс жарияланып, сол сыныптағы сағаттарынан босатылды", - делінген хабарламада.
"Жұмыс тобының шешімі бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады білім бөліміндегілер.
Ал отбасына бір миллион теңге моральдық шығын келтіргенін айтып, сотқа берген әйел 2016 жылдың 23 қантар сот отырысында, өз арызын кері қайтаруына байланысты, өндіріс тоқтатылған. Бұл іске қатысты қазіргі уақытта ІІД ешқандай тергеу жүргізіп жатқан жоқ.