16 ақпан 2016 23:09

Ақтөбеде екілік баға қойған мұғалімді оқушының анасы сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rikatv.kz © rikatv.kz

Ақтөбеде 35-ші мектептің жетіншісі сынып оқушысының анасы баласына екілік баға қойған мұғалімнен миллион теңге талап етіп, сотқа берді. Әйел екілік бағаның жанұясына бір миллион теңге моральдық шығын келтіргенін айтып отыр, - деп хабарлайды "Рика-ТВ".


Ақтөбеде 35-ші мектептің жетіншісі сынып оқушысының анасы баласына екілік баға қойған мұғалімнен миллион теңге талап етіп, сотқа берді. Әйел екілік бағаның жанұясына бір миллион теңге моральдық шығын келтіргенін айтып отыр, - деп хабарлайды "Рика-ТВ".

Шағымданған әйел алгебра пәнінен беретін мұғаліммен дауласқанын айтты. Айтуынша, мектеп әкімшілігіне түсірілген шағымнан кейін мұғалім оның баласына үй жұмысының жоқтығын сылтауратып екі деген баға қойып берген. 

Әйел мұғалімнің сабақ үстінде "Сенің анаң енді директорға арыз жазбасын" деп айтқанын хабарлаған. Осы сөздерден кейін, жасөспірімнің шешесінің айтуынша, баласының көңіл күйі түсіп кеткен. Сонымен қатар, жетінші сынып оқушысының музыкалық мектепте үлгерімі нашарлап кетіпті.  

Кезекті шыққан дауда әйел прокуратураға және қалалық білім бөліміне хат жазған. Бұл істі қарастыру үшін арнайы комиссия да құрылған, жиналыстардың бірінде мектеп оқушысы диктофонға жазылған аудиожазбаны естіртеді. Жазбада педагог оған дөрекі сөйлейді делінеді. 

Осыдан кейін математик, әйелдің айтуынша, оның баласына моральдық тұрғыда қысым түсірген. Сабақтарының бірінде баланы тақтаға шақырып, тапсырманы орындауға қиналып тұрғанын байқап, "... диктофонға жазудың қалай екенін білетін боласың" деген делінеді. 

Ал 2015 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін оқушы сабаққа барудан да бас тартыпты. Кейін сыныпқа басқа мұғалім келгеннен кейін жағдай өзгерген. Шешесінің айтуынша, баласы жаңа мұғаліммен тез тіл табысып, тіпті алгебра пәнін сүйіп оқитын болыпты. Ал музыкалық мектептегі үлгерімі жақсарыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети