29 мамыр 2019 13:09

Ақтөбеде есірткі бейнеленген тауарларды сатқан ер адам жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі сауда орталықтарының бірінде есірткі бейнеленген бас киімдердің сатылып жатқаны анықталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбедегі сауда орталықтарының бірінде есірткі бейнеленген бас киімдердің сатылып жатқаны анықталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы саудамен айналысқан ер адам қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 423-бабы бойынша ("Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау") айыпты деп танылды.

"Ақтөбе облысының есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері қалалық жастар ресурс орталығы мен учаскелік инспекторлармен біріге отырып, сауда орталығында бутиктерді тексеру барысында есірткі бейнеленген киімдердің сатылып жатқанын анықтап, ол тауарларды тәркіледі. Осы дерек бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети