07 маусым 2016 09:23

Ақтөбеде Интернет қайта қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News-front.info © News-front.info

Бүгін таңертең Ақтөбеде Интернет қайта қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін таңертең Ақтөбеде Интернет қайта қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада Интернетке кіру мүмкіндігі таңғы сағат 7-де қалпына келтірілді. 3G мен 4G байланыстары біртіндеп іске қосылды. Дегенмен, қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі алынған жоқ.

Кеше, 6 маусымда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті халыққа жақын арада Интернетті қосуға уәде берген болатын. Жергілікті халық өңірдегі жағдайды білу үшін басқа қалаларға қоңырау шалуға мәжбүр болған еді.

Облыс әкімі өз кезегінде Интернеттің қаладағы террорлық қауіптің қызыл деңгейіне байланысты өшірілгенін айтқан еді.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети